Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебі" КММ 2024 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Ұйымдар тізімі
Қолөнер қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштап, көркем еңбек пәнінің құндылығын арттыру мақсатында "Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебінде" көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеткербай Зұлқияның ұйымдастыруымен Әз —Наурыз мерекесіне орай "Шебер қолдар" атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: төлөнерімізді өскелең ұрпақ бойына сіңіру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, құрметтеу болып табылмақ. Көрмеге оқушыларымыздың қолөнерлері қойылды.


