Бастауыш сыныпта ашық сабақ

2021 жылдың 25 қарашасында Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Рысбек Гүлсара 2 сынып оқушыларына «Менің көңілді, тату-тәтті сыныбым. Сабақты бекіту» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: 2.1.2.8. екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану. Математика сабағында оқушылар Нұр-Султан қаласына саяхатқа барып, ғажайып ғимараттар туралы қысқаша мағлұматтар алды. Әр ғимаратқа бару үшін әртүрлі тапсырмалар орындап отырды. Интерактивті тақтаны қолданды, презентация, бейнежазбалар көрсетті. Сабақ өте тартымды өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Сергіту сәті мен ойындар өткізілді. Логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ соныңда ғимараттар санына байланысты сабақ бағаланды. Сабақ қойылған мақсатына жетті.